Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

4 әйелі бар бас имамның үйі делінген зәулім сарай расында кімдікі? - Тағы да дау шықты

11:41, 05 ақпан 2025 352

Желіде "Астананың бас имамының үйі" делінген зәулім сарай төңірегінде тағы да дау шықты, деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы журналист Ескендір Зұлқарнай жазды. Жазба авторының сөзінше, үйдің шынайы иесі Нұрлан Леспекұлы - белгілі кәсіпкер.

"Астананың қақ төрінен мұндай зәулім үйді қандай ақшаға салды?" деп сұрап жатқандар бар екен. Осыған орай 13 жыл бұрын Нұрлан ағадан алған сұхбатымнан бір үзінді келтіруді жөн көрдім", - деді ол.

Сұхбатта Нұрлан Леспекұлының құрылыс қоспаларын шығаратын компаниямен айналысатыны, бұл компания 1997 жылы Алматыда құрғақ құрылыс қоспаларын шығаруды Қазақстанда бірінші болып қолға алғаны айтылады.

"Кейін Астана қаласына қоныс аударып, қазіргі күні, Құдайға шүкір, қызметіміз алға басып, жемісті еңбек етіп келеміз. Өнімдерімізбен осы Астана қаласы нарығының 60%-ын қамтып отырмыз. Құрылысқа қажет 40 шақты өнім түрін шығарамыз. Тауарларымыздың таралу жағрапиясына келсек, Қазақстанның солтүстік облыстарымен жақсы жұмыс істеп келеміз. Енді биылдан бастап Батыс Қазақстанға, атап айтқанда, Орал мен Ақтөбеге шығып жатырмыз. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының маусымдық кезеңдерінде сұраныс көп болуына орай Астанадан тағы бір зауыт ашып жатырмыз. Еліміздің өзге де аймақтарынан тағы 1-2 зауыт ашсақ деген жоспарымыз бар", - деген кәсіпкер 2012 жылы берген сұхбатында.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар