Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

4,4 млн текше метр қар: 1000-ға жуық техника, 1500 жұмысшы

30 наурыз 2022 127
Өткен түнде елордада қар аралас боран соқты. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы көшелерді, жолдар мен орамдарды қар мен мұздан тоқтаусыз тазартты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін күндіз елордада қар күреу жұмысына 1000-ға жуық арнайы техника мен 1500-ге жуық жол жұмысшы жұмылдырылды.

Өткен түні, яғни 29 наурыздан 30-ына қараған түні коммуналдық қызметтер қар полигондарына 1252 текше метр қар шығарды. Қысқы кезеңнің басынан бастап бүгінге дейін қаладан 4,4 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген тәулік бойғы режимде кешкі және түнгі уақытта интенсификациямен, сондай-ақ қар жинау маршруттарын түзетумен жұмыс істейді.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.

Айта кетейік, елордада ауа райының қолайсыздығы, боран мен екпінді жел сақталады. Тұрғындардан абай болғаны, алыс сапарларға шықпағаны жөн.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?