Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елордада саябақ абаттандырылады

31 наурыз 2022 73
Экологиялық таза материалдардан жасалған ойын алаңдары, волейбол және баскетбол алаңдары, жүгіруге арналған жолақтар, серуендеу, демалыс аймағы, тиісті инфрақұрылымдар. Мұның бәрі «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары бойынша Б.Момышұлы мен Төлебаев көшелерінің қиылысындағы «Жерұйық-2» саябағын абаттандыру барысында орнатылады.

Жобаның негізгі міндеті – аталған кеңістікті жандандыру және қала тұрғындарына жағдай жасау. Елорданың урбанистика орталығының өкілдерімен бірлесіп жобалау нәтижесінде аудан тұрғындарының қажеттіліктері ескерілді.

«Белсенділердің урбанистермен бірлескен жұмысының мәні тұрғындардың өздері ауласына қандай өзгерістер жасалатынын таңдайды. Ұсыныстарға байланысты жобалық шешім жасалып, идея жүзеге асырылады. Жобалау алдында елордалық урбанистер сауалнама жүргізіп, қала тұрғындарының ұсыныстарын жинайды. Нәтижесінде жаңа қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша эскиздік ұсыныс жасалады», - деп атап өтті урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Балаларға арналған эко-алаңнан бөлек, арқан жолдары мен төбешіктері бар «Бесік» түріндегі ойын кешенін жасау жоспарда бар. Сондай-ақ, ағаштармен қоршалған арбалар, әткеншектер де орнатылады.

Саябақты ағаштармен, көпжылдық бұталармен көгалдандыру да жоспарланып отыр.

Биыл 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланып отыр. Қала тұрғындары үшін жайлы ортаны құра отырып, «адамдарға арналған қала» тұжырымдамасы ескеріледі.

«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарына сәйкес елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?