Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

370 миллион теңге пара алған: Шымкентте полиция басшысы ұсталды

17:35, 09 қыркүйек 2024 1463

Әлеуметтік желіде Шымкент қалалық полиция департаменті қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы мен полиция аға лейтенанты ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Stan.kz материалына сүйеніп.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, аса ірі көлемдегі ұрлық жасады деген күдікке Шымкент қалалық полиция департаменті Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бастығы, полиция полковнигі Бақтияр Баянов пен полиция аға лейтенанты Қуаныш Абдалин ілінген. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 370 миллион теңге. 

Аталған ақпаратқа қатысты Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді.

“Аталған факті бойынша Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Ішкі қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша қатаң шаралар қабылданып, кінәлілер заңға сәйкес жазаланады. Ішкі істер министрлігі кез келген құқықбұзушылыққа төзбеушілік қағидасын ұстанады”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысы Денисовский аудандық сотында бірнеше рет алаяқтық әрекеттерін жасаған бұрынғы учаскелік полиция инспекторына қатысты қылмыстық іс қаралған еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар