Жұмыстан айырылғандарға 41 млрд теңге төленді, деп хабарлайды ALASH.KZ Dauletten.kz сайтына сілтеп.
2025 жылдың 1 сәуіріндегі мәлімет бойынша 180 900 адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмыссыз қалуына байланысты төлем алды.
Оның ішінде 112 800 адамға алғаш рет жәрдемақы тағайындалған. Жалпы төленген сома – 41 млрд теңге.
Төлем қалай есептеледі?
▫️ Мөлшері – бұрынғы табыстың 40%-ына дейін
▫️ Төлену мерзімі – 1 айдан 6 айға дейін
▫️ Жұмыстан шығу себебіне қарамай тағайындалады
Төлемді қалай рәсімдейсіз?
1. eGov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз
2. «Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу» қызметін таңдаңыз
3. Онлайн өтінімді толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
4. 1 күн ішінде жұмыспен қамту орталығы (ХЖҚО) бос жұмыс ұсынады
5. Егер жұмыс табылмаса, 3 күн ішінде «жұмыссыз» мәртебесі беріледі (қажет жағдайда қосымша құжат сұралуы мүмкін)
Ескерту: Жәрдемақы төлемі «жұмыссыз» мәртебесі берілгеннен кейін автоматты түрде тағайындалады.
41 млрдты 112800 адамға бөлетін болсақ, әрқайсына 363475 мыңнан шығады.