Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"35 рет пышақ салған" - Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты сот басталды (ВИДЕО)

17:58, 23 шілде 2026

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың ісі бойынша сот отырысы басталды, деп жазады Alash.kz

Сотта прокурор Мадияр Әбілқасымов айыптау актісін оқыды.

Прокурордың айтуынша, күдікті Шерхан Аймахан әуелі Нұрайды кездесуге шақырған. Алайда Нұрай одан бас тартқан. Сосын ол қыздың үй жағына келіп, оның дүкенге шыққан сәтінде әуелі 5 рет пышақтап, қашып кеткен. Кейін бастаған ісін аяқтау үшін қайта келіп 30 рет пышақ сұққан.

Нұрайдың адвокаттары мен жақындары істің тікелей эфирде көрсетілуін сұрады. Алайда, оған сотталушы тарап келіспей, қарсы шықты. Екі жақты келісім болмаған соң судья сот процесінің тікейлей көрсетілмеймінін айтты.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар