Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

34 жасында келінді болған Бейнеулік отбасы желіні шулатты

10:56, 16 мамыр 2024 746

34 жасында келін түсірген Маңғыстаулық отбасы желіні шулатты.Stan.kz тілшісі отбасыдан сұхбат алды.

Бұл – Жайылхановтар әулеті. Отбасы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында дүбірлетіп той өткізген. Той туралы әулеттің туысы (атын жасыруды өтінді) айтып берді. Себебі жас ата-ене сапарға шығып кеткендіктен, жауап беруге уақыты болмады.

“Жас ата-ененің өздері 2007 жылы отау құрып, 2008 жылы үлкен ұлдары өмірге келді. Ағам мен жеңгем екі ұл мен үш қызды тәрбиелеп отыр. Ағам 1985 жылғы болса, жеңгем 1990 жылы дүниеге келген. Отбасымыз үлкен, Жайылхановтар әулетіміз”, – деді маңғыстаулық ару.

Маңғыстаулық қыздың сөзінше, үйленіп жатқан жігіт пен қыз екеуі де 2008 жылы туған. Шаңырақ көтерген жас жігіт бауырлардан ең үлкені екен.

Десе де “Жастай үйленген ерлі-зайыптыға екі жақтың туыстары қарсы болмады ма?” деп сұрап көрдік.

“Жаңа түскен келін әжемізге шөбере келін болады. Қазір үйдің ұйытқысы болып отырған әжеміздің жасы 82-де. Апамның айтуынша, ол өзі 15 жасында келін болып түскен. Бүгінде алтын құрсақты анамыздың үш ұл мен үш қызы бар. Қазір жас отбасында бәрі жақсы және ата-енесінің қолында тұрып жатыр. Екі жақтың ата-аналары да қарсы болған жоқ. Бұрыннан бір-бірін білетін, ескі таныс адамдар болып шықты. Жас жұбайлардің екеуі де колледжде білім алып жатыр", – деді әулеттің немере қызы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар