Екатеринбургте оқушы қызға қырындаған жүзу жаттықтырушысына қатысты 33 қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Gazeta.ru хабарлауынша, іс «жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша қозғалды. Олар жәбірленушінің айғақтарына негізделген.
Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталушы 2021-2023 жылдар аралығында басқа аймақтар мен көрші елдерге жарыстарға барған кезде мектеп оқушысының жыныстық қатынасқа деген қызығушылығын оятуға бағытталған арсыз әрекеттерге барған. Ол кезде қыз 12-14 жаста болатын.
Жаттықтырушы өз кінәсін мойындамады.