Әнші Қайрат Нұртастың балалары мінген су жаңа көлігін көпшілікке көрсетті.
Інші 10 жастағы кенже ұлы Ханға автокөлік сыйлаған еді. Ал кеше 16 жастағы екінші қызы Алау желідегі парақшасына Hyundai PALISADE көлігінің қасында кілтін ұстап тұрып түскен суретін жүктеді.
Жасөспірім көлікті қайдан алғанын, кім сыйлағанын жазбаған.
Бірақ өндірушінің сайтында бұл модельдің Қазақстанда 2025 жылдың 14 тамызында сатылымға шыққанын, бастапқы құны 33 890 000 теңге екені көрсетілген.
Желі қолданушылары жаппай құттықтап жатыр.