Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

310 метр: Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жер асты түнелі табылды

15:05, 03 шілде 2024 976

Өзбекстан-Қазақстан шекарасында 310 метрлік жер асты контрабандаға арналған жер асты жолы анықталды деп хабарлайды Alash.kz.

Түнел арқылы сапасына кепілдігі жоқ дәрі-дәрмектер тасымалданған.Kun.uz порталының мәліметінше,Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері Шекара қызметі және "Ташкент-Аэро" мамандандырылған кеден кешенінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі заттарын заңсыз әкелумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.

Үндістаннан Қазақстан арқылы Өзбекстанға кепілдігі жоқ дәрі-дәрмек жеткізілген.

"Дели – Ташкент – Алматы" рейсі бойынша дәрі-дәрмек партиясы жеткізілгені, одан кейін ол туннель арқылы Қазақстанның Түркістан облысының Сарыағаш ауданынан Ташкент облысының Ташкент ауданына жеткізілгені анықталған.

Тексеру қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары қылмыстық топ мүшелерінен айғақ зат ретінде Үндістанда өндірілген Альбумин, Ремдесивир, Меропенем сияқты 107 атаудағы 17 048 есірткі препаратын тәркіледі.

Ұзындығы 310 метрді құрайтын ашылған туннельде желдету жүйесі орнатылған, контрабандашылар жүк тасымалдау үшін арбаларды пайдаланған.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар