Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“30 рет пышақтаған. Қой сияқты сойып тастаған”: Германияда көз жұмған қазақстандық судьяның өлімі жайлы тың дерек шықты

18:20, 08 маусым 2026

Германияда жұмбақ жағдайда қаза тапқан қазақстандық судья Айгүл Сайлыбаеваның ата-анасы ресейлік журналист Ксения Собчакқа сұхбат беріп, марқұмның өліміне қатысты тың деректерді жариялады, деп жазады Alash.kz.

Айгүлдің анасы Шолпан Батқалова сот-медициналық сараптама нәтижелері туралы айтты.

«Сараптама қорытындысы Айгүлдің денесіне 30-дан астам пышақ жарақаты келтірілгенін көрсетті. Одан бөлек басының артынан екі соққы жасалған. Сараптамада алдымен оның есінен танып қалғаны, кейіннен қой сияқты сойып тастағаны айтылған. Денесін бөлшектеп, басын кесіп алмақ болған болуы да мүмкін. Басына қандай да бір химиялық сұйықтық құйған. Себебі шашы жоқ, көзі көрінбей қалған», – деді марқұмның анасы.

Марқұмның анасының айтуынша, қызы мен енесінің арасында келіспеушіліктер болған.

«Айгүл бірде Наталья Николаевнаның өзіне үнемі тиісетінін айтқан еді. Дайындаған тамағы ұнамайды, үй жинағаны ұнамайды, баланы қалай тәрбиелейтіні ұнамайды, күйеуіне қалай қарайтыны ұнамайды деп шағымданды. Сонда мен оған: «Сабыр ет. Ол – күйеуіңнің анасы. Сыйла. Артық сөз айтпа. Ұнамаса, өзің білгеніңді үнсіз жаса» дедім. Біз қазақпыз ғой, үлкенді құрметтеуге тәрбиелендік. Мен оларға тек жақсылық тіледім. Егер бәрі осындай қайғылы жағдайға әкелетінін білгенімде, ондай кеңес бермес едім», – дейді марқұмның анасы.

Отбасының адвокаты Жанна Уразбахова өз нұсқасын айтты.

«Жертөледен қан іздері табылған. Біздіңше, негізгі қақтығыс пәтер ішінде болған, кейін мәйіт жертөлеге жасырылған. Көршілер әлдебір шуды естігендерін айтқан. Айгүлдің құрсағында жеті айлық сәби болған. Оны итеріп құлатқан болуы мүмкін. Наталья Донцованың мәйітті жалғыз өзі жертөлеге түсіруі екіталай. Сондықтан Александр Донцовтың бұл іске тікелей қатысы болуы мүмкін деп есептейміз. Тіпті кісі өлтіруге қатыспаған күннің өзінде, қылмыстың ізін жасыруға көмектескен болуы ықтимал. Сараптама деректеріне сәйкес, пышақ жарақаттары салынған сәтте оған ауыр доғал затпен де соққы жасалған. Бір адамның бір мезетте әрі пышақпен жаралап, әрі бастың артқы тұсына ауыр затпен соққы беруі мүмкін емес», – деді адвокат.

Еске сала кетейік, Айгүл Сайлыбаеваны 2024 жылдың маусым айында Германияда аса қатыгездікпен өлтіріп кеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар