Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

30 адам ауруханаға жеткізілді: Қарағанды облысында 50 адам мінген вахталық автобус аударылды

12:00, 06 сәуір 2026

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Бесоба ауылынан 15 км жерде вахталық автобус аударылды, деп жазады Alash.kz.

ТЖМ хабарлауынша, көлікте 50 адам болған. ТЖМ құтқарушылары жедел түрде оқиға орнына келіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті.

“ТЖМ әуе кемесімен 3 зардап шеккен адам Қарағанды қаласындағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Сондай-ақ ТЖМ күштері вахталық көлікте жедел жәрдем және Апаттар медицинасы орталығы мамандары 30 адамды Ботақара ауылының ауруханасына жеткізді. Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, «Матақ” ТМҚП, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы, Қазавиақұтқару  және жедел жәрдем бригадалары, полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Жағдай ТЖМ бақылауында”- делінген ресми хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар