Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

3 жасымда жетім қалып, мүшел жаста сәбиімнен айырылдым: Майра Ілиясова өмірде көрген қиындықтарын айтып, көңілі түсті

13:30, 12 мамыр 2025 1568

Халық әртісі Майра Ілиясова журналист Динара Сәтжанға сұхбат беріп, өмірдегі ең маңызды оқиғаларын еске алды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

 

«Қазір сіңілім екеумізге қамқор болған сол әпкемді алақынымызда ұстаймыз. Қазір 79 жаста», - дейді Майра Ілиясова.

Мүшел жас туралы мистикаға толы оқиғаларды көп білетінін, және қорыққанын да айтты.

«Көп адамнан «анамның жасынан өттім, әкемнің жасынан асып кеттім» деген сөздерін естимін. Соған қарағанда, ондай мистика бар сияқты. Бірақ, шынымды айтсам мені ондай ойлар мазаламапты. Мен 37 жасымда ауырған жоқпын, аяғымнан жүре алмай қалған жоқпын. Қазір жетпістемін», - дейді Ілиясова.

Динара Сәтжан мүшел жаста көрген ауыр оқиғасын еске салды.

«Иә, мен екінші баламды тоғыз ай бойы аман-есен көтеріп жүрдім. Босанып жатқанда дәрігерлердің қателігінен балам шетінеп кетті. Менің басым айналып кетіп, дәрігерлер сұйықтық жалғарда мені құлатып алыпты. Қазақ «мүшел жаста бір қатер болады немесе қатты қуаныш болады» дейді екен ғой. Міне, менің басымнан осындай жағдай өтті. Қазір жалғыз қызым – Тоғжаным бар», - дейді Халық әртісі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар