Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"27 шетелдік азамат шұғыл түрде ел аумағынан шығарылды". Атырау облысы Теңіз кен орнына қатысты тың мәлімет шықты

11:42, 03 мамыр 2026

Көші-қон қызметі комитеті Теңіз кен орны аумағында жүргізілген тексеріс нәтижесінде 27 шетелдік азамат Қазақстан аумағынан шығарылды. Бұл туралы Alash.kz хабарлады.

Тексеру Атырау облысы Жылыой ауданы аумағындағы Теңіз вахталық кентінде ұйымдастырылған. Негізгі мақсат - шетелдік азаматтардың елде болу заңдылығын анықтау болған.

Нәтижесінде 27 адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар Жылыой аудандық соты қарауына жолданған.

Сондай-ақ іс-шара барысында шетелдік азаматтар мен оларды қабылдаушы тарапқа көші-қон заңнамасының талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, Қазақстан аумағында болудың рұқсат етілген мерзімдері және оны бұзған жағдайда қолданылатын жауапкершілік туралы ақпарат берілген.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда шетелдіктерге тұрақты тұруға рұқсат беру және қандас мәртебесін тағайындау ережелеріне өзгерістер енгізілген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар