Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданына қарасты Богатырево ауылының маңында 20-сынан 21 тамызға қараған түні 33 жастағы Александр Красков байланысқа шықпай қалған, деп хабарлайды Alash.kz
Алынған мәліметтерге сәйкес, ер адам трактор тізгінінде болып, Бұқтырма өзенін кесіп өтпек болған. Кешіп өту кезінде ауыр техника су түбіне батып кеткен. Осы оқиғадан кейін жүргізушінің қайда екені белгісіз болып отыр.
Іздеудегі азаматтың бойы шамамен 180 см, дене бітімі орташа, көзі көк, шашы қоңырқай. Оның сол аяғында тізеден төмен екі тыртығы, сондай-ақ оң жағында омыртқадан кеудеге дейін созылған операциядан кейінгі тыртығы бар. Ол соңғы рет үстіне қара-ақ футболка, қара трико, қара-көк ветровка және қара кроссовка киген.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері мен еріктілер іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоғалған азаматты көрген немесе оның орналасқан жері туралы қандай да бір мәліметке ие тұрғындардан құқық қорғау органдарына хабарласу сұралады.
