Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«26 медаль жеңіп алды»: Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионатында топ жарды

16:39, 27 тамыз 2026

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Ташкентте өткен Орталық Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Alash.kz.

Өзбекстан астанасында ұйымдастырылған байрақты бәсекеде отандық спортшылар жоғары дайындық пен шеберлік танытып, жалпы жиынтығы 26 жүлдені қанжығаларына байлады. Медальдар кестесін 11 алтын, 9 күміс және 6 қола жүлдемен толықтырған құрамамыз турнирдің басты фавориттерінің бірі болды.

Бұл аламанда Ұлболсын Есіркеп, Виктория Ан, Михаил Литвин, Алина Чистякова және Юлия Башманова бастаған спортшыларымыз қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, Орталық Азия чемпионы атанды.

Сонымен қатар отандық жеңіл атлеттер эстафеталық жарыстарда, сондай-ақ ұзындыққа және үш қарғып секіру, найза лақтыру мен ядро серпу сияқты пәндерде өз мықтылықтарын дәлелдеп, үздік нәтиже тіркеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар