Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

24 наурыздан бастап смартфондардың «қара тізімі» енгізіледі

17:38, 12 ақпан 2025 72

Бұл өзгеріс Қазақстан аумағына жаңадан әкелінген құрылғыларға қатысты болмақ, деп жазады Alash.KZ.

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, смартфондардың IMEI-коды тексеріліп, «ақ», «сұр» және «қара» тізімге бөлінеді.

Cмартфон заңды түрде сатып алынған болса, «ақ тізімге» енеді.

Егер сатып алудың заңдылығына күмән тудырса, IMEI-коды қайталанса, құрылғы уақытша «сұр тізімге» енеді. Смартфон иесі 30 күн ішінде құрылғыны заңды сатып алғанын дәлелдеу керек.

Егер телефон жалған немесе ұрланған болса, ол «қара тізімге» енеді және ұялы телефон жұмыс істемейді.

Министрліктің айтуынша, жаңа ереже телефон бағасына әсер етпейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар