Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

24 наурыз - Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

11:33, 24 наурыз 2024 319

24 наурыз Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мәлімдеді.

"Бейбіт, жазықсыз адамдар "Крокустағы" қанды, варварлық терактінің құрбаны болды. Дәрігерлер мен қарапайым азаматтарға теракт кезінде зардап шеккендерге көмек қолын созғаны үшін алғыс айтамын", - деді Путин.

Еске салайық, 22 наурызда Мәскеу мен Мәскеу облысындағы ең үлкен концерт залдарының бірі Крокус Сити Холлда бір топ ер адам автоматтан оқ жаудырып, кейін өрт шыққан. Салдарынан қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны 143-ке жетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар