Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

2027 жылы соғысты бастаймыз: Тағы бір алпауыт ел Ресеймен соғысатынын мәлімдеді

10:00, 21 сәуір 2025 2542

Германия бундесверді (елдің қарулы күштерін) қарқынды қайта қаруландыру жоспарын ондаған жылға созбай, 2027 жылы Ресеймен соғысқа дайын болуы керек. Мұндай мәлімдемені Ұлыбританиядағы Корольдік қорғаныс зерттеулері институтының аға ғылыми қызметкері Эд Арнольд жасаған, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Британ сарапшысының пікірінше, алдағы екі жыл ішінде НАТО елдері Ресеймен әскери қақтығысқа тартылуы мүмкін. Ең ықтимал қақтығыс аймағы — Сувалк дәлізі, алайда басқа жерлерде де от тұтануы мүмкін екенін ескертті Арнольд.

Сондықтан, оның айтуынша, қазіргі кезде Германия ең алдымен ауыр әскери техника қорын арттыруы керек: Leopard 2 A8 танкілері, TAURUS алыс қашықтыққа арналған қанатты зымырандары, Boxer бронды көліктері, IRIS-T зениттік зымырандары мен Gepard қондырғылары.

Арнольдтың айтуынша, Германия бұл техникаларды өз армиясын да, Еуропадағы одақтастарын да қамтамасыз ету үшін кең көлемде шығара алады.

Сонымен қатар, сарапшы Берлинді АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшақтары мен Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін сатып алу туралы шешімдерді АҚШ-тағы саяси өзгерістерді ескере отырып қайта қарауға шақырды.

Аналитик Украинадағы соғыс ең озық техникаға ие болу әрқашан шешуші рөл атқармайтынын көрсетті дейді.

— Украина дәлелдеді: әрдайым ең үздік болу міндетті емес. Жай ғана қарсылаңнан сәл мықтырақ болсаң жеткілікті, — деді Арнольд.

Мысал ретінде ол ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) келтірді.

— Соғысу әдістерінің өзгеруі дрондардың ең төменгі деңгейде де кеңінен қолданылуына алып келді, — деді ол. Оның айтуынша, дрондар бүгінде майдан даласында барлық жерде қолданылып жатыр.

Сувалк дәлізі — Беларусь пен Калининград облысының арасындағы шамамен 100 шақырымға созылған өткел. Ол Польша мен Литва шекарасы бойымен өтіп, Балтық елдерін НАТО-ның қалған мүшелерінен бөліп тұр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар