Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

2000 шенеунік жұмыстан босатылады: Президент маңызды құжатқа қол қойды

19:10, 08 қазан 2025 0

Президент Шавкат Мирзиёев тиісті жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, басқарушы қызметкерлердің бір бөлігі жасанды интеллект жүйесімен алмастырылмақ, деп жазады Alash.kz.

Қысқарту тізіміне Салық комитеті, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Әділет министрлігі және Экология министрлігі секілді бірқатар мемлекеттік органдар енді. Бұдан бөлек, түрлі агенттіктер мен инспекцияларда 16 басшы орынбасарының қызметі жойылады.

Билік бұл шешімді реформалар мен заманауи технологияларды енгізу қажеттілігімен түсіндірді.

Ал жұмыстан босатылған қызметкерлерге Еңбек министрлігі жаңа жұмыс табуға көмектесуге уәде берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар