Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

20 млрд теңге тұратын тойхана салды: Абай Бегейдің қызы елді шошытты

13:00, 11 сәуір 2025 1120

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы, блогер Гүлеркем Ниязқұлова үш баласының есімімен Amire Hall, Хan Imperial, Tomiris Palace атты 20 млрд теңге тұратын тойханалар салды, деп хабарлайды Alash.kz El.kzпорталына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде блогер 3 сәуір күні Amire Hall тойханасының салтанатты ашылуын өткізгенін жариялады.

Лентасын әкесі Абай Бегейдің өзі қиды. Мейрамханадағы алғашқы той - тұңғыш ұлы Әміренің сүндет тойы болды.

Қазір мейрамханада күн сайын дүркіреген тойлар өтіп жатыр.

Блогер бұл сәтті 8 жыл күткенін айтады. Ал, екінші ұлының есімімен салынған Хan Imperial мейрамханасы 11 сәуір күні ашылмақ. 

Көптеген интернет парақшалары блогердің 20 млрд теңгеге тойхана ашқанын жарыса салды.

Ал, желі қолданушыларының бірі қолдаса, енді бірі наразылық білдіріп жатыр

"Халыққа пайдасы тиетін жұмыс орнын ашсаңшы", "завод салу керек еді, қаншама адам жұмыссыз жүр" десе, енді бірі "құтты болсын", "жұғысты болсын", "той көп болсын", -  деп жақсы тілектерін де білдіріп жатты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар