Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"20 млн теңгеден асады" - Қайрат Нұртас ұлына өте қымбат сыйлық жасады (ВИДЕО)

10:26, 11 қыркүйек 2025 159

Белгілі әнші Қайрат Нұртас 10 жастағы ұлы Ханға күтпеген сыйлық жасады, деп хабарлайды Alash.KZ.

Әртіс оған жеке көлік сатып алды. Әрине, бала көлікті өзі жүргізе алмайды, сондықтан Қайраттың айтуынша, оны мектепке және үйірмелерге жеке жүргізуші тасымалдайды.

Әнші сыйлықты тапсырған сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Жақында Қайрат Нұртастың отбасында қуанышты жаңалық болды. Әншінің 38 жастағы әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласын дүниеге әкелді.   

Тағы бір айта кетері, Қайрат Нұртас биыл мектеп бітірген тұңғыш қызы – Сезім Нұртасты Англияға оқуға жіберді.

«Қос әулеттің алғашқы қуанышы! Атасының қызы! Апасының гүлі! Әкесінің тұңғышы! Анасының бақыты! Бауырларының бағыты! Ұстаздарының мақтанышы!

Бүгінде бойжетіп, өмірдегі үлкен әрі жауапты білім деген жолға аттанып, студент атанды! Жаратқан жар болсын!» – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар