Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«20 миллиард теңге бөлінді». Маңызды: Пәтер алушылар үшін жағымды жаңалық шықты

13:12, 15 қазан 2026

Қазақстанда нәзік жандыларға арналған «Ұмай» әйелдер ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау жақында қайта басталады, деп хабарлайды Alash.kz.

Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру үшін Азия даму банкі 20 миллиард теңге көлеміндегі екінші траншты ресми түрде мақұлдады. Бұл қаражат жақын арада «Отбасы банкке» аударылады деп күтілуде. Аталған қаржы келіп түскен бойда банк өкілдері өтінімдерді қабылдаудың нақты басталатын күні туралы қосымша хабарлайтынын растады.

Соңғы ресми мәліметке сәйкес, «Ұмай» бағдарламасы аясында осыған дейін 366 займ беріліп, тағы 296 өтінім рәсімделу сатысында тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейінгі кезеңдегі «Ұмай» ипотекасының шарттары бойынша жылдық мөлшерлеме 14,8 пайызды құраған болатын. Несиенің ең жоғары сомасы 50 миллион теңгеге дейін белгіленсе, бастапқы жарна ірі қалаларда 20 пайыздан, ал өңірлерде 15 пайыздан басталған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар