Жұмабек Жанықұловтың бұрынғы әйелі соттан істі әділ жүргізуді сұрап, үндеу жасады, деп жазады Alash.kz.
Кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың бұрынғы жұбайы әлеуметтік желіде арнайы бейнемәлімдеме жариялап, сот орындарынан болып жатқан процеске қатысты объективті әрі заңды шешім қабылдауды талап етті.
Ол өз сөзінде бұл істің айналасында қоғам ішінде түрлі қауесеттер мен пікірлердің көбейіп кеткенін алға тартып, мәселенің анық-қанығы тек құқықтық шеңберде ғана тексерілуі тиіс екенін атап өтті, сондай-ақ отбасының ажырасуына түрткі болған негізгі себептерге де тоқталып өтті. Бұрынғы жұбайы сот төрелігін жүзеге асыру барысында ешқандай тарапқа ерекше артықшылықтар берілмей, түпкілікті шешім тек нақты айғақтар мен бұлтартпас дәлелдерге сүйене отырып шығарылуын қалайтынын жеткізді.
Мен Жанықұлова Жанна Маратқызы бес баланың анасымын. Барлық баламды бұрынғы күйеуім Жұмабек Жанықұлмен некеде болғанда өмірге әкелдім. Мен онымен 20 жыл тұрдым. Ажырасуымызға себеп оның жүргіштігі мен тоқалдары болды. Қазір сот процесі жүріп жатыр. Некеде болғанымызда неке келісімшарты, мал-мүлік деген сынды мәселе болмаған. Бұл сұрақтың бәрі Жұмабекте жаңа әйел пайда болғанда туындады.