Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz.
Актер 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай хабарлады.
«Бүгін актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі шықты. Сот оны 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Нұрсұлтан Жақсыгенді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
Іс оның бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызымен арадағы дауға байланысты қаралды. Айыптау тарапы Жақсыгеннің әлеуметтік желіде бұрынғы жұбайына қатысты таратылған ақпарат арқылы оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргенін алға тартқан. Ал Нұрсұлтан Жақсыген бұған дейін кейбір даулы жазбалардың өзіне қатысы жоқ екенін, оның атынан жалған парақшалар ашылғанын мәлімдеген.
Сот процесінің соңғы отырыстары жабық форматта өтті.
Сот үкімі – 2 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру.
Үкім заңды күшіне енген-енбегені және тараптардың апелляцияға жүгінуі туралы ақпарат нақтыланған жағдайда қосымша хабарлаймыз»,- деп жазды журналист.