«19 жыл күткен шындық»: Алматы тауларынан табылған адам сүйегі кімдікі екені белгілі болды
11:37, 20 тамыз 2026
Ашық дерекөздерден
Алматы облысындағы Северцов мұздығынан туристер кездейсоқ тауып алған адам сүйектері қоғамды шошытты. Бұл сүйек қалдықтары осыдан 19 жыл бұрын тауға кетіп, қайта оралмаған отандасымызға тиесілі болып шықты, деп жазады Alash.KZ
Бұл суық хабарды естіген туыстарының қабырғасы қайысып отыр. Марқұмның қызы Нелли Михееваның айтуынша, олар бұл олжа туралы желідегі суреттерден білген. Жантүршігерлік фотоларды қарап отырып, Нелли әкесінің 2007 жылы тауға шыққанда арқалап кеткен ескі рюкзагын бірден таныған. Бауыр еті баланың жүрегі сезген қасіретті кейін Төтенше жағдайлар министрлігі де растады.
Құтқарушылар мұз астынан шыққан рюкзактың ішінен жоғалған азаматтың атына жазылған жеке куәлікті тапқан. Осылайша, бір отбасы 19 жыл бойы «тірі ме екен» деген үмітпен өмір сүріп, ақыры қайғылы шындықпен бетпе-бет келді. Қазіргі уақытта табылған сүйектерге сараптама жасалып жатыр, бірақ жақындары үшін бұл — үлкен қасірет.
Соңғы жаңалықтар
Досхан Жолжақсынов 75 жасқа толды: Алматы әкімі Президенттің құттықтауын табыстады
14:00, 11 қазан 2026
Түркияда 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады
14:53, 10 қазан 2026
Трамп Нобель комитетін сынға алып, "Маған Нобель сыйлығын бермеді" деп жазғырды
13:29, 10 қазан 2026