Күйеуінен он сегіз жыл бойы таяқ жеген Гүлмира Смаилова үйді болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Stan.kz хабарлауынша,хабар арнасындағы дауға айналған "Бірақ" ток-шоуының кейіпкері Гүлмира Смаилова Астанадан үш бөлмелі пәтерге ие болды.
Бұл туралы журналист Рахым Ошақбаев мәлімдеді. Журналист жариялаған видеодан алты баланың анасы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен Гүлмира Смайыловаға Астанадан үш бөлмелі пәтердің берілген сәтін, кейіпкердің көзіне жас алғанын көруге болады.
Әйел қол ұшын созған қазақстандықтарға алғыс айтты.
Баспанаға қаржы жинау үшін ашылған қайырымдылық шарасы 2-3 аптаға созылып, 500-ден астам адам қатысқан. Бұл "Қорғау Астана" дағдарыс орталығының 19 жыл жұмысындағы алғашқы жағдай.