Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

17 жастағы қазақ баласы Дияр Аманәлі грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

10:11, 29 шілде 2026

Қазақстандық Дияр Аманәлі грек-рим күресінен Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында топ жарды, деп жазады Alash.kz.

ҰОҚ хабарлауынша, отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың финалында Кеве Ковачты (Венгрия) жеңді. Осылайша алтын жүлдегер атанды.

Жарыс барысында Дияр Аманәлі Грекия өкілі Николаос Зинисті, Ресей балуаны Эдем Пайзиевті, Грузия спортшысы Георгий Кеделидзені және Болгария өкілі Данимир Йордановты жеңіп, чемпион атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Әли Алмас (48 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар