Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында бейнебақылау камералары полицей көлігі мен Toyota Camry қатысқан жол-көлік оқиғасын тіркеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Апат 25 қарашаға қараған түні болған. Жарияланған видеода Camry жоғары жылдамдықпен келіп, патрульдік машинаға қатты соққы жасағаны анық көрінеді. Полицияның мәліметінше, көлікті 17 жастағы жасөспірім тізгіндеген.
Абырой болғанда, жол апатынан ешкім зардап шекпеген. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салды. Сонымен қатар оқиға бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды.
Әлеуметтік желі қолданушылары видеоны талқылай отырып, патрульдік көліктің қосалқы жолдан шығып, қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбегенін атап өтуде.