Түркістан облысының Түлкібас ауданында екі жігіт бір топ адамға оқ атқан. Оқиға салдарынан 17 жастағы жасөспірім қаза тауып, тағы үш адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
"2 қараша түнгі уақытта Түлкібас ауданында атыс болды. Нәтижесінде бір адам көз жұмып, үшеуі ауруханаға түсті. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – делінген полиция мәлімдемесінде.
Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің “Адам өлтіру” бабы бойынша іс қозғалды.
Полицияның хабарлауынша, бір күдікті ұсталып, екіншісі із-түзсіз қашып кеткен. Қашып кеткен адамды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.