Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"16 жастағы қызды аяусыз өлтіріп, денесін суға ағызып жіберген": Шиелідегі сұмдық оқиғаға қатысты сот үкім шығарды

12:26, 04 қыркүйек 2026

Қызылорда облысының Шиелі ауданында кәмелетке толмаған қыздың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Ауыр қылмыс жасады деп айыпталған 22 жастағы азамат 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға осы жылдың маусым айында орын алған. 16 жастағы мектеп оқушысы үйінен құрбысына баратынын айтып шығып, қайта оралмаған. Тәртіп сақшылары мен іздеу тобы бір тәуліктен соң бойжеткеннің мәйітін Жақаев атындағы арнадан тапты. Сараптама барысында марқұмның мойнынан жуан сым бойланып, тұншықтырылғаны белгілі болды.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, жәбірленуші күдіктімен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Қайғылы оқиға болған күні отбасылы азамат бойжеткенді су арнасының бойына апарып, араларында келіспеушілік туындаған. Жанжал кезінде ол кәмелетке толмаған қызды кәбілмен тұншықтырып өтіріп, денесін суға ағызып жіберген.

Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде бұрын сотты болған 22 жастағы күдікті көп ұзамай құрықталды. Сот процесі барысында ол өз айыбын толықтай мойындады.

Сот үкімімен айыпталушы 20 жылға мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сотталған азаматтан марқұмның отбасына моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге өндірілетін болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар