Шымкент қаласы Полиция департаментінің аудандық басқармаларының бірінің бұрынғы басшысы Батыр Мырзагелдиев 15 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп жазады Alash.KZ.
Сот үкіміне сәйкес, ол алты жылға бас бостандығынан айрылды. Айта кетейік, былтыр жылдың соңында ұсталған кезде заңсыз сыйақының көлемі 20 миллион теңге деп хабарланған болатын.
Іс материалдарына сәйкес, пара қылмыстық істі тоқтату үшін берілген. Параны беруге делдал болған А. Бекмұратов та сотталып, 3,5 жылға бас бостандығынан айрылды.
Сонымен қатар Батыр Мырзагелдиев полиция полковнигі атағынан, мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айрылды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Айта кету керек, Мырзагелдиев биыл сотталған аудандық полиция басқармасының екінші бұрынғы басшысы болды. Бұған дейін, ақпан айында, Тұран аудандық полиция басқармасының бұрынғы басшысы Нұржан Тілеуов 6 миллион теңге пара алғаны үшін дәл осылай – алты жылға бас бостандығынан айрылған еді.
"15 млн теңге пара алған" - Шымкентте бұрынғы аудандық полиция басқармасының басшысы сотталды
Ақтөбеде жол апатынан қаза тапқан дәрігердің артынан 21 жастағы ұлы өмірден өтті
17:05, 24 қараша 2026
«Қаза болған қарулас бауырларымның отбасылары… Құран бағыштадым» – Бекет Қуандық (ВИДЕО)
16:42, 24 қараша 2026
«Жоғарғы соттың деректер базасы тарап кеткен бе?»: ҰҚК тексерісті бастады (ВИДЕО)
16:29, 24 қараша 2026
Мәдениет және ақпарат вице-министрі болған Айбек Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды
16:11, 24 қараша 2026
«Педагог-ассистенттерге 40% қосымша ақы қалай есептеледі?»: Министрлік жауап берді
15:16, 24 қараша 2026
«Атысты тоқтатты»: Трамп Ресей мен Украина арасындағы ахуал туралы тың мәлімдеме жасады
14:55, 24 қараша 2026
Қазақстан 2027 жылдың соңына қарай 3G-ден толығымен бас тартады – Жаслан Мәдиев
14:00, 24 қараша 2026
«Педогогтерге қолдау!»: Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)
10:49, 24 қараша 2026
Қаралы хабар: Қазақтың тұңғыш антропологы, академик Оразақ Смағұлов өмірден озды (ФОТО)
09:25, 24 қараша 2026