Зілтемірші Алмас Өтешов ішімдіктен емделгенін айтып, жұмыс іздеп жүргенін жасырмады, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол бұл туралы “Уақыт көрсетеді” подкастында баяндады.
«Еліме қызмет еткім келеді. Өз білгенімді жас буынға үйреткім келеді. Өз саламда жұмыс істесем деймін. Көп жағдайды емделіп жатып өткізіп алдым. Жаңадан келген спорт министрі Ербол Мырзабосыновтан көмек сұраймын. Маған екі қолға бір күрек берсе, жастарға спорт бойынша білім беруге дайынмын. Жалпы министрліктен көмек беруін сұраймын. Сол ішімдіктің кесірінен көп дүниеден айырылдым», - дейді ол.
15 миллион несиесі барын да тілге тиек етті.
«Несием жабылса, ертең-ақ бапкер болуға дайынмын. Менің ЖСН-імді айтайын. Өздеріңіз қарап алыңыздар, сенбесеңіздер. 15 млн 400 мың теңге қарызым бар. Көп дүниені көрдім. Жұмыс берген адамды ұятқа қалдырмаймын деп ойлаймын», - деді споршы.