Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«15 келіден астам алтын өндірген»: Өскемендік экс-шенеунікке сот үкімі шықты

16:38, 06 қазан 2026

Өскеменде заңсыз алтын өндірумен айналысқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалы директорының бұрынғы орынбасары А.А. Рахымжанов пен оның сыбайласы Д.М. Нұртазин 4 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан мәліметке қарағанда, сотталушылар Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында орналасқан Шыбынды учаскесінде заңсыз алтын өндіру жұмыстарын ұйымдастырған.

Заңсыз өндірілген бағалы металдың жалпы салмағы 15 келіден асып, оның нарықтық құны 844 миллион теңгеден жоғары деп бағаланды. Тергеу амалдары барысында жалпы құны 382 миллион теңгені құрайтын 6,7 келі алтын мен 579 грамм күміс мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сонымен бірге ҚМА өкілдері бұл заңсыз өндіріс салдарынан қоршаған ортаға да орасан зор зиян келтірілгенін анықтады. Нақтырақ айтқанда, бүлінген жер телімінің аумағы 18,2 гектарды құраған.

Сот үкіміне сәйкес, айыпталушылардың жалпы құны 372 миллион теңге болатын мүлкі тәркіленді. Қазіргі таңда сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар