Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“15 жерінен пышақталып, азапты өлім құшқан”. Сарыағашта 19 жастағы жігітті аса жауыздықпен өлтіріп кеткен

14:50, 10 наурыз 2025 514

Түркістан облысы, Сарыағашта қанды қылмыс орын алып, 15 жерінен пышақталып, мерт болған жігіттің анасы Руслан Өтепбайдан көмек сұрады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында қанды қылмыс орын алды! 

2 топтағы мүгедектігі бар 19 жасар Жасұлан Әбдіманапты ауыл бұзақылары адам аяғы баспайтын жерге апарып, 14-15 жерінен пышақтап, іздерін суытқан. Оқиға 20 ақпан күні болған. Ал Жасұланның мәйітін ауыл шопаны араға екі күн салып, 22 ақпан күні байқап, полицияға хабар берген. 

Қылмыс орын алмас бұрын, Мұрат есімді күдікті марқұмға 280 мыңдай займ алдырған. Ең сорақасы күдікті азаматтың әскери қызметкер екені белгілі болды. 

Ардақты ағайын, қайғыдан қан жұтқан ана қоғамның араша сұрайды.  Осы видеоны таратып, әділдіктің орнауына үлес қосуларыңызды сұраймын”,- деп жазды Руслан Өтепбай. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар