Өзбекстанның Денау ауданында 8 шілдеде әйел өзінің 15 жастағы немересін 28 жастағы ер азаматқа тұрмысқа беру үшін үйлену рәсімін жасаған, деп жазады Alash.KZ.
Бұл туралы Олий Мажлисінің бала құқықтары жөніндегі уәкілінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қыздың жасы заңда белгіленген некеге тұру жасына жетпегендіктен, олардың некесі ресми тіркелмеген.
Алайда 75 жастағы кісі қызын бергені үшін сыйақы алған. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.