Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«15 жасар жасөспірім қаза тапты»: Жамбыл облысында оқушылар төбелесі қайғылы жағдайға әкеп соқты

14:39, 06 қазан 2026

Жамбыл облысында кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталып, 15 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.

Өңірлік білім басқармасының мәліметінше, оқиға 3 қазан күні сағат 22:00 шамасында Байзақ ауылында орын алған. Қақтығыс барысында ауыр дене жарақатын алған 2011 жылы туған жасөспірім көз жұмды.

Оқиғаға қатысы бар екінші кәмелетке толмаған азамат ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа абайсызда жапа шегушінің өліміне әкеп соққан абайсызда ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тиісті тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар