Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"14 түрлі қылмысқа барған". Ресейдің қорғаныс министрлігіне қатысты сұмдық дерек шықты

09:41, 07 наурыз 2026

Ресейде тағы бір жоғары лауазымды әскери шенеунік — бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгудің бірінші орынбасары болған Руслан Цаликов тұтқындалды, деп жазды Аlash.kz.

Ertenmedia.kz ұсынған мәліметке сәйкес, генералға бюджет қаражатын жымқыру және пара алу фактілері бойынша барлығы 14 қылмыстық эпизод бойынша айып тағылған. Тергеу нұсқасына қарағанда, ол соғысқа бөлінген қаржының талан-таражға салынуына қатысы болуы мүмкін.

Цаликовтың тұтқындалуы Қорғаныс министрінің тағы бір бұрынғы орынбасары — Тимур Ивановке қатысты қылмыстық іспен де байланысты болуы ықтимал. Бір жыл бұрын Цаликов дәл осы Ивановқа қарсы куәлік берген.

Ал Ивановтың өзі 1,185 миллиард рубль көлемінде пара алды және 4 миллиард рубльден астам қаражатты банк жүйесі арқылы жымқырды деген айыппен қамауда отыр.

Руслан Цаликов 1994 жылдан 2012 жылға дейін Сергей Шойгумен бірге Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінде қызмет еткен. Кейін ол Ресей Қорғаныс министрлігіне ауысып, қаржы бақылауы, сот-құқық мәселелері және ақпараттық саясатқа жауапты болған. Шойгу қызметінен кеткеннен кейін Цаликов та лауазымынан босатылған.

Mash Telegram-арнасының хабарлауынша, генералдың туыстары бұл жаңалықты БАҚ арқылы біліп, таңданыс білдірген. Олар күні бойы Цаликовпен және оның жұбайымен байланыса алмаған.

2024 жылдан бері Ресей Қорғаныс министрлігінде ауқымды «тазарту» науқаны жүріп жатыр. БАҚ бұл процесті бейресми түрде «генералдарды тазарту» деп атап кеткен.

Қазіргі қорғаныс министрі Андрей Белоусов қызметке келгеннен кейін басталған бұл науқан аясында шамамен 10-ға жуық генерал тұтқындалған. Олардың қатарында экс-министр Сергей Шойгудың төрт орынбасары да бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар