Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

14 млн: Мұрат Әбділдә түрмеден шыға сала миллионер атанды

17:20, 19 қыркүйек 2024 600

Түрмеден шыққан TikTok-блогер Мұрат Әбділдә бір күнде миллионер болды, — деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

18 қыркүйекте блогер TikTok-та өзге блогермен батлға шығып, үш рекорд орнатқан.

Әбділдә, біріншіден, TikTok-тағы лайк саны бойынша рекорд орнатқан. Блогер жарты сағаттың өзінде 151,5 миллион лайк жинаған.

Екіншіден, блогердің тікелей эфирін бір сәтте 170 мың адам көрген. Бұл да TikTok-та тіркелген жаңа рекорд.

Үшінші рекорд — Мұрат Әбділдә отырған тікелей эфирдің сілтемесін тарату бойынша жасалған. Тікелей эфирді 196,9 адам бөліскен.

Сонымен қатар, тікелей эфирді көріп отырған адамдар блогерге 30 минуттың ішінде 6 024 549 алмас жіберген. Бұл TikTok есептері бойынша, 30 122 доллар немесе 14 432 528 теңге.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?