Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“12 жерден пышақтаған, зорлық белгілері бар”. Талдықорғанда мәйіті қабылған әйелге қатысты сұмдық дерек шықты

16:20, 25 мамыр 2025 343

Жетісу облысының Талдықорған қаласындағы Paradise Villa қонақүйінде жантүршігерлік қылмыс болды. Өрт шыққан нысан ішінен 1982 жылы туған әйелдің мәйіті табылып, оның 12 жерден пышақ жарақатын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

24 мамыр күні таңғы сағат 04:00 шамасында Талдықорғандағы Қаблиса жырау көшесінде орналасқан қонақүйде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған, ресепшн аумағы жанып кеткен.

  • Құтқарушылар 35 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады
  • Өрт 04:29-де толық сөндірілді

Әкімшілік бөлмеден табылған әйелдің денесінде 12 пышақ жарақаты болған. Алдын ала болжам бойынша, қылмыскер ізін жасыру үшін қонақүйде өрт қойған.

Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

«23 жастағы күдікті оқиға орнынан алысқа ұзамай ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасып жатыр», – делінген полиция таратқан мәліметте.

  • Өрт кезінде қонақүйден 35 адам, соның ішінде 1 бала эвакуацияланды
  • Өрт ресми түрде қасақана қойылғаны тіркеліп, полицияға жолданды
  • Қонақүйдегі бейнебақылау камералары тергеуге көмек ретінде зерттеліп жатыр

Кеше Талдықорған қаласындағы қонақүйлердің бірінде өрт болып, оқиға орнынан зорлық белгілері бар әйелдің мәйіті табылғаны хабарланған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар