Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“12 жасар қызды бір жарым жыл бойы зорлап келген”: 46 жастағы азаматтың сұмдық әрекеті әшкере болды

09:22, 23 қаңтар 2026

Шу ауданында кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты ұзақ уақыт бойы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz

Құқық қорғау органдарына зардап шеккен қыздың анасы 46 жастағы азаматтың үстінен арыз түсірген. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, И.М. есімді күдікті алғашқы қылмыстық әрекетін жәбірленуші 12 жасқа толғанда шаруа қожалықтарының бірінде жасаған. Содан бері бір жарым жыл бойы жасөспірімнің дәрменсіз күйін пайдаланып, заңсыз әрекеттерін тұрақты түрде жалғастырып келген. Kүдіктінің зардап шеккен отбасымен туыстық байланысы бар екені анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс бастапқыда ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабымен қозғалып, кейіннен 120-бапқа (зорлау) қайта сараланды. Қазіргі уақытта тиісті сот-медициналық сараптамалары тағайындалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жалғастыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар