Пәкістан астанасы Исламабадта сот ғимаратының жанында террористік актіден кемінде 12 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алды. Жарылыс тұрақтағы көлікте орын алған, деп хабарлайды Alash.kz.
Ішкі істер министрі Мохсин Наквиның хабарлауынша, террорист сот ғимаратына кіруге әрекет жасаған, бірақ кіре алмай, жарылғыш құрылғыны полиция көлігінің жанында іске қосқан.
Пәкістан премьер-министрі зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр, қауіпсіздік күштері терактіні ұйымдастырғандарды анықтауға кірісті.