Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

102 миллион теңге: БҚО-да меморган бюджет қаражатының негізсіз жұмсамақ болған

18:58, 10 маусым 2024 502

Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына кедергі болды, - деп хабарлайды Alash.kz  "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы орган 45,6 миллион теңгеге бейне-конференц-байланыс жинағын сатып алуды жоспарлағаны белгілі болды. Интернет-ресурстардағы баға талдауына сәйкес, ұқсас жабдықтың орташа нарықтық құны төрт миллион теңге шегінде өзгереді, деп жазды Tengrinews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін жергілікті атқарушы орган жоғарыда аталған тауарларды сатып алудан бас тартты.

Жалпы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасын жүзеге асыру аясында волонтерлердің күш-жігері арқасында жалпы сомасы 102 миллион теңге боатын бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар