Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"100 пайыздық баж салығы" - Трамп Қытайды тұншықтыруға шындап кірісті

10:00, 11 қазан 2025 257

Трамп Қытайдан әкелінетін тауарларға 100 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.

АҚШ 1 қарашадан бастап Қытайдан келетін тауарларға “қазір төленіп отырған кез келген баж салығының үстінен” тағы 100%-дық экспорттық тариф енгізбек.

“Жаңа ғана Қытайдың сауда саясатынында өте агрессивті ұстанымға бет бұрғаны белгілі болды. Қытай әлем елдеріне 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап өзінде өндірілетін тауарлардың басым бөлігіне, тіпті кейбір өзі өндірімейтін өнімдерге де ауқымды экспорттық бақылау енгізетінін хабарлаған хат жолдады”, – деп жазды Трамп.

Трамптың айтуынша, Қытайдың бұл шешімі барлық елдерге бірдей қолданылады. Трамп Қытай билігін “көп жыл бұрын дайындаған жоспардың бір бөлігі” деп айыптады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар