Әлеуметтік желіде 3-4 жастағы ұл бала мемлекеттердің туын шатастырмай айтып шыққаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Alash.KZ.
Видеода балаға анасы бірнеше мемлекеттің туын көрсетеді, ал жас бала жаңылмай, тосылмай, бәрін дұрыс айтып шығады.
Әсіресе, Қырғызстанның жалауын көрген бала "Қазақ - қырғыз бір туған" деп қатты қуанып кетеді. Одан кейін де түсі мен атаулары ұқсас мемлекеттердің жалауын еш ауыстырмай, жаңылмай айтады.