Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

100% бағынамын: Абай Бегейдің әйелі күйеуінің рұқсатынсыз үйден шыға алмаған кездерін еске алды (ВИДЕО)

19:27, 24 қараша 2024 2996

Әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова блогер Жанерке Сейфуллинаның “Айтарым бар” подкастына сұхбат беріп, күйеуінің рұқсатынсыз үйден шықпайтынын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“100% мен ол кісіге бағынатынмын. Мүмкін, содан да болар, ол кісі қазір маған толық еркіндік беріп қойды. Үйленген кезде, кейде киініп тұрып: “Міне, осылай кетіп бара жатырмын” десем, ол кісі жібермей қалатын еді. “Мәссаған, мен киініп дайын тұрмын ғой, бұл қалай болғаны?” деп ойлайтынмын. Бірақ көнетінмін. Бірде мен үшін өте маңызды адамның тойына бармақ болғанымда да осындай жағдай болды. Сол кезде Алла Тағала менің күйеуіме бой ұсынғаным үшін бізге өзара түсіністік берді деп ойлаймын. Қазір ол кісі көп жерге жіберіп тұрады, рақмет. Кейде қыздардың үйінде отырып, кеш қайтатын кездер болады, түн болып кетеді. Сол кезде де ұрыспай, өзі алып кетеді”,- деді Абай Бегейдің әйелі.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар