Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«10 тәулікке қамау қарастырылған» - Мәжілісте ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қандай түзетулер енгізіп жатыр?

12:49, 12 қараша 2025 96

Мәжіліс депутаттары Қазақстанда ЛГБТ насихатын тыйым салатын заңға түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Alash.kz. 
Енді бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, жарнама және басқа да қоғамдық көздерде «ЛГБТ насихаты» таратуға жол берілмейді.

Түзетулер балаларды зиянды ақпараттан қорғау мақсатында әзірленген. Құжат педофилия мен дәстүрлі емес сексуалды бағыт туралы материалдарды орналастыруға шектеу енгізеді. Құжат қабылданғаннан кейін сенатқа жолданды.

Депутаттардың пікірінше, заң балаларды олардың моральдық бағдарын бұзуы мүмкін контенттен қорғайды. Бұл бастама ЛГБТ насихатына қарсы петицияның жалғасы саналады.

Мәжіліс түзетулерді қолдап, «ЛГБТ насихатын» кибербуллингпен салыстырып, мұндай контенттің балалар психикасына теріс әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

Бұл тақырып 2024 жылдан бері талқыланып келеді. ЛГБТ насихатына қарсы петициядан кейін мәселе Мәжілісте бірнеше рет көтеріліп, діни және қоғамдық пікірталастармен қатар қарастырылған.

Заңға сәйкес, тыйымды бұзғандарға 40 АЕК дейін айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамау қарастырылған. «Насихат» деген ұғым дәстүрлі емес сексуалды бағыт туралы ақпаратты БАҚ пен интернет арқылы таратып, қоғамда оң көзқарас қалыптастыру мақсатында жария ету деп түсіндіріледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар