Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"10 млн доллардай жетпей тұр": Ерке Есмахан қандай "қиындыққа" тап болды?

10:50, 13 ақпан 2025 594

Танымал әнші Ерке Есмахан еліміздегі ең табысты әйелдердің қатарынан табылмады, деп жазады Alash.KZ Stan.kz материалына сүйеніп. 

Өнер иесі бұл жаңалыққа көңіл-күйі түсіп кеткенін жасырмады.

“Рилс қарап отырып, өзімді көріп қуанып кеткенмін ғой. Қазақстандағы 7 бай әйелдің қатарына кірген екем деп. Сөйтсем, мен жоқпын. 10 млн доллардай жетпей тұр екен соңғы орынға", – деп жазды әнші.

Еске салайық, өнер иесі бүгінде қаржылық мәселені шешудің бәрін күйеуі мойнына алғанын айтқан еді.

“Сотуардан кеткен қатеден бұрын, біраз адамның көкейінде саудадан түскен ақша екен. Соның ақшасына Парижде шалқып жүр екенмін. Айналайындар, мен бұл табысты таппай тұрып, Парижді төрт рет, дүниежүзін бес рет аралаған адаммын. Сотуарсыз-ақ күйеуім үлде мен бүлдеге орап қойған. Басқаның қатесіне қуанбай, біреудің ақшасын көре алмай өмір сүрмеңіз. Көп сөзден бір іс артық”, – деп кеңес берген еді өнер иесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Ақордада ауыс-түйіс

09:18, 13 ақпан 2025 371