Мектеп аумағында мұғалімдерге гүл мен сыйлық беруге тыйым салынды, деп хабарлайды Alash.kz.
Биыл 1 қыркүйекте мектеп аумағында мұғалімдерге гүл шоқтарын ұсынуға және кез келген түрдегі сыйлықтар беруге рұқсат етілмейді. Мұндай талапты Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.
Министрлік өкілінің сөзінше, тиісті шектеулер жазылған ресми хаттар жергілікті атқарушы органдарға алдын ала жолданған.
«Мектеп аумағында мұғалімдерге гүл сыйлауға және қандай да бір сыйлық беруге жол берілмейді. Біз бұл талаптың нақты мектеп аумағына қатысты екенін көрсеттік. Бірінші сынып оқушыларына да гүл сыйлаудың қажеті жоқ», — деп атап өтті Шынар Ақпарова.
Сондай-ақ бірінші вице-министр Білім күнінде барлық мектептерде дәстүрлі форматтағы сынып сағаттары өтуі тиіс екенін еске салды.