«Қайрат» «Олимпиакостен» 0:1 есебімен жеңілді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Чемпиондар Лигасының 6-турында «сары-қаралар» грекиялық командамен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліс тапты.
Жалғыз голды 73-минутта португалиялық шабуылшы Желсон Мартин соқты.
Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков алты сейв жасап, матчтың үздік ойыншы атанды.